ҚАУІПТІ ТЕРІ АУРУЛАРЫ

0

Дерматомикоздар трихофития және микроспория сияқты түрлерге бөлініп адамдар мен жануарларды зақымдайтын жұқпалы тері ауруларының қатарына жатады. Дерматомикоз ауруларының қоздырғыштары – грибоктар, жануарлар мен адамдарда кездесетін түрлері көп Зақымдану ауру адамдар мен жануарлар арасындағы тікелей қарым-қатынас пен тұрмыс жабдықтары (төсек, тарақ, қырыну заттары, жөке) арқылы жұғады.

Грибоктар терінің үстіңгі және де терінің терең қабаттарын, сонымен қатар шашты зақымдайды.
Дерматомикоз аурулары мезгілділігі мен ерекше жоғары жұқпалығымен ерекшеленеді. От басы және ұйымдастырылған ұжымдарда дерматомикоз ауруларының өршуі күз-қыс мезгілдерінде өтеді.
Балалар арасында грибок ауруларының ең көп тараған түрі микроспория. Балалардың зақымдануы көбінесе ауру адамдар және ауру жануарлармен тікелей араласта болғаннан кейін, сонымен қатар грибок элементтерімен кірленген заттар арқылы жұғады.
Тері ауруының алдын алудың ең маңызды іс-шаралары:
— жеке бас тазалығын сақтау;
— бөтен тарақты қолданбау;
— моншалар мен сауналарда жеке жабық резина аяқ киімдер пайдалану;
— үйдегі жануарларды, иттерді, мысықтарды уақтылы мал дәрігерлеріне көрсетіп, тексеруден өткізу.

Г.БЕДЕЕВА,
Қордай аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.