ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ЕҢБЕКОРЛЫҚ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗЕДІ

0

Жуырда Әлжан ана ауылының дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Қазақ ҚСР және Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушы Қайрат Молдажановқа арналған ұлдар мен қыздар арасында WKF-каратэдан ашық облыстық турнир өтті.

Спорттық додаға Д.Қонаев, Алматы, Тараз қалаларынан, Жамбыл және Алматы облыстарынан келген 170-тен астам спортшы қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатына Қ.Молдажановтың жұбайы Бибігүл Молдажанова, Жамбыл облысы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, каратэдан Қазақстанның бірнеше мәрте жеңімпазы, каратэдан әлем біріншілігінің алғашқы жеңімпазы Закир Тохтиев, Жамбыл облысының ересектер арасында каратэдан аға жаттықтырушы, еліміздің бірнеше мәрте чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, әлем чемпионы Арман Сұлтанбек, Токиодағы Олимпиада қатысушысы, ҚР бірнеше мәрте чемпионы, Азияның төрт мәрте чемпионы, халықаралық санаттағы спорт шебері Мөлдір Жаңбырбай қатысты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар, диплом, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.