Өткен аптада ауылдық округ әкімдері аудан басшысы Мәден Мұсаевқа округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 5 айлық көрсеткіші бойынша есеп берді.
Жиын барысында аудан тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтары мен өзекті мәселелерінің орындалу барысы талқыланып, ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жарықтандыру жұмыстарын жүргізу, орталықтандырылған сумен жабдықтау, әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы мен елді мекендерді газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылішілік көшелерді жөндеу, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету сынды бірқатар түйіткілді сұрақтар көтерілді.
Өз кезегінде ауылдық округ әкімдері 2022 жылдың басынан бастап атқарылып жатқан жұмыстары бойынша есеп берді. Аталған ауылдық округтерде бірқатар кемшіліктердің бар екені мәлім болып, әлі күнге шешімін таппай жүрген жайттардың да аз емес екені анықталды.
Ауыл әкімдерінің есебін тыңдаған Мәден Тоқтарбайұлы ауылдың әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, округ басшыларына «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі статистикалық мәліметтерге сай, бейресми жұмыс істейтін табысы жоқ азаматтардың еңбек келісімшарттарын жасақтау, қоныс аударған, бала күтіміндегі, қайтыс болған және т.б. санаттардағы азаматтарды тиесілі мекемелермен нақтылауды, еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтардың міндетті зейнетақы жарналары жоқ және әлеуметтік төлемдері жоқ азаматтармен тиесілі жұмыстарды жүргізіп, кемінде 30 пайызын жұмысқа орналастыру немесе БЖТ төлемдерін жүргізуді қамтамасыз етуді 20 маусымға дейін аяқтауды тапсырды.
АУЫЛ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ
Prev Post