ТӘРТІП САҚШЫСЫ – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ

0

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына – 30 жыл. Бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін сақтауда тәртіп сақшыларына артылған жүк қашанда ауыр. Қызмет бабында тәуекелге бел буып, өз өмірлерін құрбан етуге даяр тұратын құзырлы орган өкілдерінің қатары жыл сайын толығып, мемлекет тарапынан олар үшін жайлы жағдай жасалып келеді.

Сәрсенбі, 22 маусым күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан полициясы күні кең көлемде аталып өтті. Заңсыздық пен құқықбұзушылықты болдырмауды басты борышы санайтын тәртіп сақшыларын ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай құттықтап, аудан басшысы Мәден Мұсаевтың ыстық ықыласын жеткізді. «Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа лайық абыройлы қызмет ете беріңіздер. Халқымыздың амандығын сақтау және Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес. Құрметті полиция қызметкерлері,сіздердің еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!», – деген Дамира Маратқызы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарып жүрген бірқатар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады. Атап айтсақ, Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Ә.Қарымсақов, Қордай аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы Ш.Ещиганов Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал аудан әкімінің алғыс хатымен АПБ уақытша қамаққа ұстау изоляторы бастығының орынбасары Е.Жамалбеков, АПБ тергеу бөлімінің тергеушісі М.Мұрат, АПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Р.Абдужалиев, АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы А.Абаскулов, АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы А.Топчаков, АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Б.Сатылғанов марапатталды. Сондай-ақ, О.Аблаев, М.Далбаев, Н.Тучкова, М.Байсеңгіров, А.Мусина, Ф.Нурова сынды полиция қызметінің ардагерлері аудан әкімінің құттықтауына ие болды. Марапаттау рәсімін жалғастырған Қордай аудандық мәслихат хатшысының м.а. Қ.Увалиева Ішкі істер органдарындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегіне орай ІІМ зейнеткері Абай Кенжебаевты Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапаттады. Қордай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен АПБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы С.Мыңжасаров, АПБ патрульдік полиция тобының қызметтік инспекторы М.Лаков марапатталды. Ал Қордай аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Д.Рысдәулетов, АПБ учаскелік полиция инспекторы Б.Манап, АПБ жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы А.Асылов, АПБ жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Е.Алтынбекұлына Қордай аудандық мәслихатының алғыс хаты табыс етілді.
Ауданымызда бар саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнап, жемісті қызмет еткен ардагерлер де баршылық. Бұл күні оларға ерекше құрмет көрсетіліп, бірқатар сала ардагерлерінің кеудесіне аудандық полиция бөлімінің басшысы Ә.Қарымсақов «Еңбек.Абырой.Құрмет» төс белгісін тақты. Өмір бойы темірдей тәртіпке бағынып, ел тыныштығы жолында еңбек еткен ардагерлерді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Әлімбет те құттықтап, ұйым атынан марапатын табыстаған еді.
Ісіне мығым, тірлігіне тиянақты маман иелеріне деген алғысын арқалап келгендер қатарында аудандық білім бөлімі мен Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының басшылығы да болды. Олар да мереке иелеріне деген жылы лебіздерін жеткізіп, марапат пен сый-сияпаттарын табыс етті. Осыдан кейін құттықтау сөзді алған аудандық полиция бөлімінің басшысы Ә.Қарымсақов кәсібіне адалдық танытқан бірқатар тәртіп сақшыларын «Қазақстан полициясына – 30 жыл» мерекелік медалімен және алғыс хатымен марапаттады. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Әуелете ән салған өнерлі әріптестері мен Мәдениет үйінің әншілеріне қошеметін аямаған полиция қызметкерлері көтеріңкі көңіл-күймен тарқасып, естелік суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.