СЕЙДЕКЕШ ҒАБИТ ДОҒДЫРҚҰЛҰЛЫ

0

Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 122ө-ж/қ өкімімен Сейдекеш Ғабит Доғдырқұлұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Сейдекеш Ғабит Доғдырқұлұлы 1984 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар станциясында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары.

Сейдекеш Ғабит 2009 жылы Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «жер ресурстарын басқару және үйлестіру» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Жамбыл жер ғылыми өндірістік орнының Қордай аудандық жер кадастры филиалында жерге  орналастырушы инженері болып бастаған.

2007-2017 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығының» Қордай аудандық жер кадастры филиалында инженер-жерге орналастырушы, бас маман-жерге орналастырушы, 2017-2023 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде бас маман, статист, 2021-2023 жылдар аралығында «АФИОН-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директордың аграрлық және жер мәселелері бойынша орынбасары қызметтерін атқарған.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.