АЙНАЛАМЫЗДЫ ҚОҚЫСҚА АЙНАЛДЫРМАЙЫҚ

0

Тазалық әркімнің жеке басының гигиенасын сақтау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның, ауыл-аймақтың, сүріп отырған ортаның да тазалығына мән беру. Таза ауа, таза көше өзіміз үшін де, келешек ұрпақ үшін де қажет. Әрбір азамат ауылдың дамуына, көркейіп-көгалдануына, гүлденуіне ат салысуы керек. Өзіміз тұратын өңірдің күл-қоқыстан арылуына үлес қосуды азаматтық парыз санасақ, өскелең ұрпақ та табиғатқа мейіріммен қарап, тазалықты басты орынға қояды.

Қазіргі таңда Қордай ауылдық округі әкімшілігінің теңгеріміндегі қоқыс контейнерлері «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» ШЖҚ КМК-ның теңгеріміне өткізілді. Сонымен қатар, ауылдық округтің бюджеттік жоспарында жеке тұрғын үйлерден тұрмыстық қоқыс қалдықтарын шығаруға қаражат қарастырылмаған.

Тазалық – таза жерде емес, тазалық — жиналған жерде. Сондықтан округіміздегі әрбір аула иесі «Айсұлтан» ЖК, «Жасыл Қордай» ЖШС-мен немесе басқа да тұрмыстық қоқыс қалдықтарын шығару қызметімен айналысатын жекеменшік кәсіпкерлермен келісімшарт жасауға болады. Қатты қалдықтарды ауыл сыртындағы 7 шаршы шақырымдағы арнайы қоқыс тастайтын орындарға төгу қажет. Бұған үлкен жауапкершіліктің керегі жоқ сияқты. Қарапайым қағида, өзіміз үшін оңтайлы шешім. Сондықтан тазалық мәселесінде біз алдымен өзімізге жауап беруіміз керек. Сонда барып аула тазарады. Ал ауланың тазалығы ауылдың тазалығы, ауылдың тазалығы – сананың тазалығы.

Қосымша ақпарат!

Қоқыс шығару қызметімен айналысатын ұйымдар:

«Айсұлтан» ЖК, байланыс телефоны: 8771-633-52-41, 2-29-31

«Жасыл Қордай» ЖШС, мекенжайы: Төле би көш. №17Б

Байланыс телефоны: 8778-494-2774

Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.