«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

0

1. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ, үйде ұйымдастырылады,бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
2. Оқу орындарының түлектері үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе Ұлттық кәсіптер жіктеу ішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
3. Жұмыс тәжірибесі жоқ 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар “Алғашқы жұмыс орны” жобасына қатыса алады.
4. “Алғашқы жұмыс орны” жобасына қатысу мерзімі 18 айдан аспайды.
5. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстеме ақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескерген кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
6. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы “жеке кабинет” арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына жастар практикасын ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.