АЛҒАШҚЫ ЖАУЫНГЕРЛІК АТЫС

0

Әскери жаттығу жоспарлы іс-қимылдың арқасында іске асады. Ел жауынгерлері осы ретте физикалық даярлықтан бөлек атыс алаңында шеберліктерін көрсетуде. Гвардейск гарнизонының танк бригадасының ұйымдастыруымен жас сарбаздар АК-74 қаруымен оқ атуды меңгерді. Сондай-ақ, арнайы жабдықталған аймақта оқу нүктелеріне жіктелді. Бағыттаушы мамандардың сөзінше нысананы «көз мөлшерде» дәлдеп, атыс жүргізу — қателік. Алдымен берілген мылтық көздегішін обьектінің орналасуына қарай сәйкестендіреді. Баяу тыныс алып, 100 м қашықтықтан бақылайды.

“Бүгін мен алғаш рет атыс алаңына келіп, қолыма қару алдым. Алғашында қобалжығаным рас. Дегенмен аға оқытушылар, сержанттар мен офицерлердің өткізген сабақтарын еске алып, шүріппені басар алдында ақылға жүгіндім. Нысананың қай тұсына көздеу керек екенін анықтап, әрекетке көштім. Нәтижесін білуге жиналған сәтте взвод командирім: “96 ұпай жинадың. Жарайсың!” — деп арқамнан қақты. Әскердегі алғашқы жетістігімнің құрметіне ол ата-анама бейнеқоңырау шалды. Анам мен әкемнің сол жаңалықты естігендегі бейнесі маған жаңа серпін сыйлады”, — дейді жас сарбаздар ротасының жауынгері Арнұр Қияс.

Патриоттық сезім отбасынан басталып, мектеп қабырғасында шыңдалып, әскер сапында толысады. Оқу кезеңі де жас сарбаздың жауынгер атану жолындағы сынағына айналды. Мінеки, жаттығудың сан-алуан түрін меңгеріп, ант қабылдау сәтіне де нық қадаммен жылжып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.