«АНА ТІЛІМ – ҚҰДІРЕТІМ»

0

19 қыркүйек күні Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қордай ауылындағы «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің білімгерлері арасында «Ана тілім – құдіретім» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізілді.

Жастардың зерттеушілік, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту, қоғамның және жастардың шығармашылық ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру мақсатында өткен байқаудың қорытындысы бойынша І-орынды А.Құралбай, ІІ-ІІІ орынды Б.Бейсен және А.Әскербек иеленіп, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтарымен және диплом, алғыс хаттарымен марапатталды.

А.Сейдеходжаева,

ұйымдастыру және бақылау

бөлімінің инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.