АНЫҚТАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА

0

Аудандық орталық ауруханада «Ауру қаупі жоғары топтарды анықтау және бақылау» тақырыбындағы оқу семинары өтті.

Ауру қаупі жоғары топқа жататын азаматтарды анықтау, оларды міндетті флюорографиялық тексеруден өткізу және бекітілген жоспар бойынша санын қадағалау – денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі.

Семинар барысында:

-цифрлық медициналық картамен жұмыс жүргізу;

-арнайы маркерлерді қолдану;

-бақылау парақшалары арқылы тексеру;

-әдістемелік көмек көрсету;

-ахуалдық орталыққа есептерді уақтылы тапсыру мәселелері қарастырылды.

Бұл оқу семинары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және халық денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, аса қаупі жоғары топтарын анықтау және бақылау (60 жастан асқан, созылмалы аурулар, осал топтар) скринингтік зерттеулерді, мінез-құлықты бағалауды және мамандандырылған емтихандарды (мысалы, ASA шкаласы, қатерлі ісік скринингі) қамтиды. Процесс ауруды ерте анықтауға, медициналық көмекке басымдық беруге, міндетті профилактикалық тексерулерден өтуге бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.