«Арайлы алтын күз»

0

14 қараша күні «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында» КММ-да қызмет алушылардың қатысуымен  «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кеші өтті.

Күзгі балға орталығымыздың қызметкерлері, қызмет алушы әйелдер, балалар қатысты. Күзгі бал бес бөлімнен тұрды және сайыс түрінде өтті, аналар мен балалар өз өнерлерін ортаға салды. «Өнерлі өрендер» бөлімінде сайыскерлер «Дастархан», «Анаға хат», «Ертегілер» әндерін және «Беу, айдай» халық әнін шырқады. Кішкентай қызмет алушымыз «Испан» биін билеп күзгі балдың сәнін келтірді. Сайыстың «Күз сыйы» бөлімінде дәнді дақылдардан, жіптен, жапырақтардан жасалған қолөнерлері көрсетіліп, композицияларын қорғады. «Кел күлейік» бөлімінде қонақтар мен көрермендер балалардың үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қимыл-әрекеттерін салып бергенін тамашалап, көңіл көтеріп алды. «Күз ханшайымы» бөлімінде балалар аналарымен қосылып өз қолдарынан жасалған киім үлгілерінен сән көрсетті.

Күзгі балға келген қадірлі қонақтар – қарттар үйінің директоры Айнұр Алматаева, «Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» директоры Эльнура Мінісқұлова, М.Х.Дулати атындағы №47 мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары  Ұлбосын Қапаровалар балалардың өнерлеріне тәнті болып, қызмет алушы аналар мен балаларға қошемет көрсетті. Белсенді қатысушыларға номинациялар бойынша орын беріліп, сыйлықтар таратылды.

Ақілгек Бердалыева, орталық психологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.