АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық «AMANAT»  партиясы аудандық филиалы бірлескен іс-шара өткізді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің кеңсесінде өткен басқосуда «AMANAT» партиясы аудандық филиалының басшысы Бейқұт Жамангозов ардагерлерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстаса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет бірқатар ардагерлерге «Қордай ауданының құрметті ардагері» төсбелгісін және ардагерлер кеңесінің алғыс хатын табыс етті.

Атап айтсақ, Үлкен Сұлутөр ауылының ардагері Алтынбеков Мұқан,       Әлжан ана ауылынан Естібаев Абай,  Қызылсай ауылынан Мадышева Найля, Ауқатты ауылынан Джинлиров Мехар Қордай ауданының «Құрметті ардагері» төс белгісімен марапатталса, «AMANAT» партиясының Қордай аудандық  филиалының  Алғыс хатын Қаракемер а/о «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Бедишева Паршакуль, Бетқайнар а/о «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Меирман Шолпан, Сарыбұлақ а/о «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Бажанова Күлдария, Кенен а/о «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Монтанаева  Күлсара, Қордай аудандық «Аналар алқасы» кеңесінің мүшесі Харченко Любовь иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.