АРЗАНДАТЫЛҒАН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН АЛУ БОЙЫНША

0

Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстарына дизель отынын беру ҚР АШМ м. а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерінің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Көрсетілген бұйрық негізінде шаруа қожалықтарынан дизель отынына өтінімдерді ағымдағы жылдың 1 мамырынан 29 мамырына дейін интернет желісінде орналастырылған «ГосАгро» веп-порталында(http://t.me/+9wVzOh-nUk1Mzgy) қабылданады.
Жеке кабинет ашу үшін веп-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), тегі, аты;
2) заңды тұлғалар үшін:бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы, тегі, аты;
3) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, электрондық пошта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі ағымдағы шоттың және Ұлттық пошта операторының деректемелері.
Сұрақтар бойынша Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне 2-19-43 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Б.САДЫРБАЕВ, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.