АСТАНАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

0

Өткен айда Астана қаласында MMA «FREE FIGHTING» бойынша ел чемпионаты өтіп, онда қордайлық «Zhalgas topTeam» спорт клубының жас спортшылары жасындай жарқырап, жеңістің биік тұғырына көтерілді.

1300 спортшының басын қосқан беделді чемпионат бірнеше спорт түрінен өтіп, оның әрқайсысында қордайлық клуб өкілдері өз мықтылығын көрсете білді. Жаттықтырушы Жалғас Кеңесбектен тәлім алатын Әділхан Досмағұл грепплинг бойынша 24 кг салмақта ІІІ орынға, Оспан Жарылғас ушу-саньда бойынша 20 кг салмақта 1 орынға, Жақпай Алим 20 кг салмақта грепплинг бойынша І орын, Сүнетулла Нұрайлым 27 кг салмақта ММА бойныша 1 орын, Сембай Абай 61 кг салмақ бойынша ушу-саньдадан ІІІ орынды жеңіп алса, жаттықтырушы Николай Мачневтен тәлім алатын Хасанов Қазбек 61 кг салмақта грепплингтен ІІІ орынға ие болды.
Енді қордайлық жас өрендер жаз айларында Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында өтетін әлем чемпионатында бақ сынап, ел намысын қорғайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.