АУДАН ӘКІМІ “1 СТУДИЯ” БАҒДАРЛАМАСЫНДА

0

Дүйсенбі күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков Жамбыл облыстық «Jambyl» телеарнасында жарыққа шығып жүрген «1 СТУДИЯ» қоғамдық-саяси бағдарламасына қатысты. Эфир

барысында Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып өткен аудан басшысы телеарна тілшісі мен тікелей эфир қатысушылары тарапынан қойылған сұрақтарға

жауап берді.

 

Облыстық телеарнадағы «1 СТУДИЯ» қоғамдық-саяси бағдарламасы Мемлекеттік бағдарламалармен қатар халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға байланысты жүргізіп отырған жұмыстарды саралау, тікелей эфир арқылы құзырлы орган басшыларымен көкейде жүрген өзекті мәселелерді талқылап, көрерменнің сұрағына жауап беретін танымды дүние. Бегзат Сейсенқұлұлы ауданда мемлекеттік бағдарламалардың табысты іске асуы, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және өзге де аудан тынысын кеңейтуге арналған тың жобалар жайында кеңінен түсінік беріп өтті. Түскен сұрақтарға да тұшымды жауаптар айтылды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Халық пен билікті жақындастыратын мұндай бағдарламалардың маңызы жоғары. Сондықтан да бағдарламаға қатысып, тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешілу жолдарын атап көрсету де аса маңызды», — деді аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.