СПОРТ АЛАҢЫНДА АРДАГЕРЛЕР

0

Әр жылы ауданда «Халықаралық қарттар күніне» орай  Ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен спартакиада өтетіні игі дәстүрге айналды. Биыл да 22 қыркүйек күні бүт ауданнан жиналған қариялар өзара «кім мықтыны» анықтады.

 

Жарыс шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, бильярд, дартс,  садақ ату, ләңгі  спорт түрлері бойынша өтті. Іс-шараны аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов ашты, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, спорт ардагері Нұрғали Өмірзақов спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың қорытындысы бойынша:

ДОЙБЫ: ерлер арасынан,  1 орын – Гульсариев Нұргиз (Қордай),  2-орын Амирқұлов Амантай (Алға), 3-орын Керденов Жомарт (Қордай). Әйелдер арасынан, 1-орын Сейдалиева Айғаным (Қақпатас), 2-орын Дауткулова Галина (Қордай), 3-орын Танекеева Зубира (Қақпатас),

БИЛЬЯРД: 1-орын Естемесов Жапаркул (Қордай), 2-орын Харбиев Омар (Сортөбе), 3-орын Щимаров Магомед (Масаншы).

ЛӘҢГІ:  1-орын Әбдиев Кұлжан (Сарыбулақ), 2-орын Двумаров Вангар (Масаншы), 3-орын Рысымбетов Аманқан (Степной).

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ:  Ер арасынан, 1-орын Арзыханов Жұман (Қордай), 2-орын Мусаханов Тұрсынбай (Кенен), 3-орын Абдрасилов Али (Ауқатты). Әйел арасынан,  1-орын Оспаниянова Муза  (Қордай), 2-орын Амирханова Сайма (Қордай), 3-орын – жоқ.

ДАРТС: ер арасынан, 1-орын Кенебаев Жамбыл (Қордай), 2-орын Солодовников Геннадий (Қордай), 3-орын Қожамқұлов Арғын (Қақпатас), Әйел арасынан 1-орын Карипкулова Шамшакуль (Қарасай), 2-орын Азимбаева Құмар (Кенен), 3-орын Сартбаева Раиса (Қаракемер).

АСЫҚ  АТУ: 1-орын Батыров Қырғызбай (Қордай), 2-орын Абдрасилов Құрман (Ауқатты), 3-орын Бейсебеков Бейсен (Кенен).

САДАҚ АТУ: 1-орын Бейсеқожаев Мұхтар (Үлкен Сұлутөр), 2-орын Орынтай Бауыржан (Қаракемер), 3-орын Исабек Рашид (Бетқайнар).

Жалпы командалық 1-орынды Қордай ауылы, 2-орынды Қаракемер ауылы алса, үшінші орын Қарасай мен Кенен ауылына берілді. Барлық жеңімпаздар медаль мен дипломмен марапатталды. Қордай аудандық ардагерлер ұйымы спартакиадаға қатысқандарға үлкен алғыс  білдіреді.

 

Біржан Әлімбет

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.