АУДАНДА 71 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

0

Бүгінгі күнге 71 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Нақтырақ айтсақ, 20 мемлекеттік балабақшада 2750 тәрбиеленуші, 42 жекеменшік балабақшада 4555 балақай, ал 9 шағын орталықтарда 434 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтылған. Бүгінгі күнге 1-6 жас аралығындағы балалар 97,6%, ал 3-6 жас аралығындағы балалар 100% қамтылған. Үстіміздегі жылы 75 орынға арналған топтар ашылды. Атап айтсақ, жұмыс істеп тұрған Кенен ауылындағы «Алтын бесік» бөбекжайынан 25 орын, Қордай ауылындағы «Нұр Академия Қордай» балабақшасынан 50 орын құрылды. Қазіргі таңда 1-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 228 болса, 3-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.