Ауданда «Еңбек» бағдарламасы тиімді іске асуда

0

Аудан бойынша «Еңбек» бағдарламасы аясында биылғы жылға 1,7 млрд теңге қаражат бөлініп, 2020 жылдың 1 тамызына дейін бағдарлама аясында 3195 азамат көмекпен қамтылып, жоспар артығымен орындалды. Сонымен қатар, бағдарламаның 1-ші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 39,4 млн теңге қарастырылып, бүгінгі таңда 168 жұмыссыз азамат оқу курстарына жолданды. Айта кетсек, жоспар 8 адамға артығымен орындалған. Сондай-ақ, 17 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ал, бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, аудан көлемінде «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы 230 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту көзделсе, бүгінгі күнде 120 азамат кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, тиісті сертификатын алған. Сондай-ақ, өз-ісін ашуға ниет білдірген 70 азаматқа оқу курстарына жолдама беріліп жоспар 100% орындалды. 2020 жылы кәсібін дөңгелетуге ниет танытқан 150 азаматты шағын несиемен қамту мақсатында 575,2 млн теңге қаражат бөлінсе, олар бүгінгі таңда үміткер ретінде құжаттарын тапсырып, 65 азамат 264,6 млн теңге сомасында шағын несиемен қамтылған (оның ішінде: «Ауыл шаруашылық қолдау қоры» арқылы 62 азамат жалпы сомасы 244,8 млн теңге, «Қордай» несие серіктестігі арқылы 2 азамат жалпы сомасы 15 млн теңге және «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы арқылы 1 адам жалпы сомасы 4,8 млн теңге шағын несиемен қамтылды). Ал, қалған 75 азаматтың құжаттары қаралу үстінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.