АУДАННЫҢ 4 АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

0

Спорт нысандарының қатарын көбейту мақсатында халық тығыз орналасқан Қордай, Отар, Бетқайнар және Әлжан ана ауылдарында спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушыларға ауданымызда бірнеше спорт мекемелері қызмет көрсетеді. Олар: №1, №2, №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері және бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы. Барлық мекемелер жаттықтырушы және оқытушылармен қамтамасыз етілген. Әр мектепте бірнеше спорт түрінен дәріс беріледі. Айта кетсек, бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығының спорт нұсқаушылары ауданымыздың 19 ауылдық округінде қызмет атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.