АУДАНДЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

0

Қордай ауданының 95 жылдығына және қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби балетмейстер, Қазақ КСР-ның халық әртісі Дәурен Әбіровтың туғанына 100 жыл толуына орай би фестивалі өтті.

Аудандағы би ұжымдары бас қосқан фестивальге 12 би тобы қатысып, түрлі номинациялармен марапатқа ие болды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай арнайы қатысып, өнерпаздарға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етіп, ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар би ұжымдары аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының, аудандық Мәдениет үйі директорының және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының марапаттарына ие болды.

Айта кетейік, Дәурен Әбіров 1923 жылы 6 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Ол қазақтың тұңғыш биші-балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.