АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА ТАҒЫ 5 ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

0

Пандемиямен күреске белсене кіріскен қордайлық кәсіпкерлер бүгін тағы өкпеге ауа беру 5 концентратор аппараттарын аудандық орталық ауруханаға тарту етті. Аудан әкімі Р.Дәулет өзі арнайы барып аталған аппараттарды аурухана ұжымына табыс етіп, еселі еңбектеріне тағы бір мәрте алғыс айтты. Бұл жолы ауданға жеке кәсібімен танымал азамат А.Жұмабаев демеушілік жасап, аудандық аурухананың инфекциялық бөліміндегі провизорлық бөлім науқастарының жағдайының жақсаруына өз үлесін қосты.
Сондай-ақ, осы күні аудандағы жеке балабақшалардың ұжымының бірлесуімен аудандық орталық ауруханаға 15 дана пульсоксиметр жеткізілді. Осылайша Қордай ауданында бүкіл әлемді жаулаған індетпен жұдырықтай жұмылып, ел болып күресуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.