«АУЛА ОЙЫНДАРЫ-2023»

0

Жуырда облыс орталығында Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының «Аула ойындары-2023» спорттық фестивалі өтті.
Спорттық іс-шараға Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласынынан іріктелген үздіктер қатысты.
Жамбыл облысында бастау алған республикалық жобаға барлығы 11 команда қатысып, спорттың 5 түрінен тартысты дода
өткізді. Атап айтқанда, қалашық, ләңгі тебу, асық ату, секірмек және орта доп. Спорттық фестивальге 14 жасқа дейінгі, 14-18 жас аралығындағы және 18 жастан жоғары – үш жас категориясы бойынша бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қордай ауданы топ жарып, жүлделі І орынға ие болды. Жеңіске жеткен командалар арнайы грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.