АУЫЛ ӘКІМІ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРДІ

0

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер жергілікті тұрғындарға тоқсан сайын есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөліседі.
Осы мақсаттағы жиын бейсенбі күні Сортөбе ауылында өтті.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова және аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай арнайы қатысты.
Округ әкімі Р.Фушанло ауыл тұрғындары алдында 2022 жылы атқарған жұмыстары жайында баяндама жасады. Ауылдың инфрақұрылымын нығайту жұмыстары соңғы екі жылда жақсы қолға алынған. Ауылішілік жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар да күрделі жөндеуден өтті. Ең бастысы көгілдір отын келді. Дегенмен, әлі де ауыл халқын толғандыратын мәселелер жетерлік.
Бұл ретте округ әкімі 2023 жылға жоспарланған жобалар жайын баяндап, жерлестерін бірлесе еңбек етуге шақырды.
Жиын барысында ауыл тұрғындары көкейдегі сұрақтарын қойып, ауыл басшысынан жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.