АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ

0

21 тамыз күні Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

 

«Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №34-2 «Қордай ауданының 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады. Хабарламаны депутаттар жан-жақты талқылап, тиісті шешім қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.