АВТОКӨЛІКТЕРДЕГІ ӨРТ ЖАҒДАЙЫ

0

Автокөліктердегі өрттер басқа да кез келген өрттер сияқты кездейсоқ жағдайлардың (мысалы, жанар-жағар май беру жүйесінің немесе борттық электр жүйесінің ақаулығы) нәтижесі немесе көлік құралын жоюға бағытталған әдейі жасалған іс-әрекеттерден болуы мүмкін.

Автокөлік құралдарындағы өрттер әртүрлі жағдайларда: жол апаты кезінде, қозғалыстағы автокөлікте, аз уақытқа тоқтаған кезде, ашық автотұрақта немесе гаражда ұзақ тұрған кезде болуы мүмкін. Аталған ерекшеліктер өрттің пайда болу себебіне, оның динамикасы мен салдарына да міндетті түрде әсер етеді. Әсіресе қыс мезгілінде автокөлік құралдарына тұз және ылғал түсуі кезінде ең қауіпті жер-электр сымдары. Ол кез-келген уақытта тұйықталуы мүмкін. Электр сымдарының қысқа тұйықталуы көзге көрінбейтінін және ұзақ болатынын есімізден шығармауымыз керек.
Жылдан жылға автокөліктегі өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша белгіленген жұмыстар атқарып жатқанына қарамастан, автокөлік саны өскен сайын ондағы өрт саны да көбейіп отыр. Оның үстіне, өрттер автокөліктің қозғалысы кезінде де, тұрақтарда да болып жатыр. Автокөліктердегі өрттердің көп бөлігі жеке қолданыстағы көліктердің үлесіне тиіп отыр. Суық мезгілдің басталуы автокөлік жүйелеріне шамадан тыс қосалқы электр құралдарын қосу да бірден-бір өрт себебі болып табылады.
Жоғарыда аталған жағдайларды болдырмау мақсатында апта сайын Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі автокөліктегі өрт қауіпсіздігі саласында гараж кооперативтері, автопарк, автобекет, сонымен қатар автотұрақтар мен такси тұрақтарында жүргізушілерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында, техникалық тексеру жүргізген кезде, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады:
-қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;
-электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;
-қосымша электр құрылғыларының/электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың және т.б./ дұрыс орнатылуы;
-ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы.
Автотұрақ бөлмелерінде /гараждарда/ жол бермеу қажет:
-жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға;
-электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;
-автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға;
-бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;
-жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға.
Қ. ДҮЙСЕН,
Қордай ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғану лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.