ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫҢЫЗДЫ ҮНЕМІ БАҚЫЛАП ЖҮРІҢІЗ!

0

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың ең сұранысқа ие тәсілі – электрондық әдіспен Жеке кабинет арқылы алу.
Жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) аударымдарды қадағалау қажеттілігі бар ма? Мұны қаншалықты жиі және қалай жасау керек?
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйін тұрақты негізде қадағалауды, оның ішінде Қордағы жеке зейнетақы шотына жұмыс берушіден жалақыңыздан 10% мөлшерде ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы түсуіне назар аударып отыруыңызды ескертеді. Өкінішке орай, жұмыс берушінің өз міндеттемелерін толық орындамайтын немесе мүлде орындамайтын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан өз жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін жүйелі түрде тексеріп отырғаныңыз артық етпейді.
ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу — бұл салымшылардың (алушылардың) заңнамалық бекітілген құқығы және оны төмендегі тәсілдермен алуға болады:
• электрондық:
— БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжай бойынша электрондық пошта арқылы;
— Жеке кабинет арқылы;
• тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш жасаған кезде;
• пошта қызметі арқылы.
Қазір зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың ең сұранысқа ие тәсілі — Жеке кабинет арқылы электрондық әдіс.
Мұнымен қатар, пошта арқылы хабардар етуді таңдаған салымшылар (алушылар) қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес Қорға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз.
Сондықтан БЖЗҚ төмендегідей өзгерістер туралы уақытылы хабарлауды сұрайды:
— электрондық мекенжай («электрондық пошта (e–mail)» арқылы хабарлау тәсілін таңдаған жағдайда);
— пошта мекенжайы («пошта байланысы арқылы» хабарлау тәсілін таңдаған жағдайда).
www.enpf.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.