«Аяла» Отбасын қолдау орталығының мамандары мобильдік топ мүшелерімен бірлесіп, әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз санаттағы отбасылардың тұрғылықты мекенжайларына барып, профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, ата-аналарға балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы тәрбие беру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мамандар тарапынан қажетті психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңестер беріліп, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылды. Аталған профилактикалық іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыруға бағытталған.