Жамбыл облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылған Қазақстанның тағы бір өңіріне айналды.

0

Жамбыл облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылған Қазақстанның тағы бір өңіріне айналды.
Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков өңірде кітап оқу мәдениетін дамытуға және жобаны жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жамбыл облысы еліміздің рухани әрі мәдени орталықтарының бірі саналады. Дәл осы қасиетті өңірде қазақтың көрнекті қаламгері, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы дүниеге келген. Оның әдеби мұрасы бүгінгі күні де ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонының ұсынылған әдебиеттер тізіміне енгізіліп, жамбылдықтар оқитын негізгі шығармалардың біріне айналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.