Бүгінде электр қуатына деген сұраныс артып келеді. Бұл мәселе Үкімет отырыстарында да жиі көтеріліп, елге шетелдік инвесторлар тарту арқылы табиғат көздерінен энергия өндіруді жеделдету қолға алынғанын аймақта соңғы жылдары жүзеге асырылған жобаларға қарап аңғару қиын емес. Атап айтсақ, шетелдік инвесторлардың күшімен соңғы жылдары Сарысу ауданында «Жаңатас жел электр стансасы», Жамбыл ауданында «Айша күн шуақ» электр стансасы, сонымен бірге Талас пен Шу аудандарында бірқатар жобалар жүзеге асырылды.