БАҒАҒА МОНИТОРИНГ

0

Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлардың  бағасын  негізсіз  өсуіне және тауардың сауда үстемесі 10-15% аспауына зерделеу жүргізу мақсатында  Гвардейск қалашығындағы сауда нүктелерінде  мониторинг жүргізді. Шара барысында негізсіз баға өсіру фактілері тіркелгенін де айта кеткен жөн.  

 

«ЖК Ахынов»  қарасты «Азық-түлік» дүкенінде айран бағасы шекті бағадан қымбат сатылуда.  Сондай-ақ, кейбір тауарлардың құжаты болмауына байланысты нақты бағасын анықтау мүмкін болмаған. Сонымен қатар, «Арай», «Жеміс-жидек» дүкеншігі, «Барлық» дүкені, «ЖК Акиловаға» қарасты «Азық-түлік» дүкенінде бірқатар тауарлардың 15 пайыздан аса мөлшерлеме қосқаны анықталып, қоғамдық кеңес мүшелері дүкен иелері мен сатушыларға ҚР «Сауда қызметін реттеу» туралы заңнамасында белгіленген ӘМАТ тауарларының сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодекстің 204-4 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.