БАҒА ҚАДАҒАЛАНАДЫ

0

Мемлекет басшысының ел Үкіметіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында  ауданда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 

Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Е.Жомарт аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Э.Дунчебаевпен бірге Қарасу, Ауқатты, Масанчи, Сортөбе ауылдық округтеріндегі дүкендерді аралады.

Ауқатты ауылдық округіндегі «Айша» дүкенінде тұз 80 теңгеден, сұйық май 800 теңгеден, Қарасу ауылдық округінде «у Жука» дүкенінде тұз 100 теңгеден, айран 450 теңгеден саудалануда. Сонымен қатар, Масанчи, Сортөбе ауылдық округтеріндегі дүкендер жүк құжатын (накладной) көрсете алмаған, касса аппараты жоқ екендігі анықталды. Бағаны қадағалау жұмыстары жалғасуда.

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында  ауданда әлеуметтік маңызы бар 18 азық-түлік тауарларының  бағасын  негізсіз  өсірмеу және тауардың сауда үстемесі 10-15% аспауын ескерту мақсатында Отар ауылының дүкендеріне  аудандық қоғамдық кеңес төрайымы Б.Қарамолдаева, кеңес мүшесі А.Алматаева зерделеу жұмыстарын  жүргізді.

Тұрғындар жиі баратын 2 дүкен зерделенді, атап айтқанда,

  1. «Шұғыла» дүкені, ЖК Ермеков. Зерделеу жұмысы барысында 10 тауардың бағасы 15% сауда үстемесінің мөлшерінен асқан (тауық еті – 18%, қарақұмық -16,3 %, сиыр еті-15,7%, жұмыртқа 10 дана – 18,9%, сары май, 1кг – 19,4%, қырыққабат – 22,7%, пияз – 23,3%, сәбіз-23,0%, картоп – 24,3%, тұз – 26,7%)
  2. «Еламан» дүкені, ЖК Өкен Айбар. Зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 8 тауардың бағасы 15%-дан асқан (кеспе – 17,0%, күріш-17,5%, қарақұмық-17,1%, қырыққабат – 25,0%, пияз – 27%, сәбіз-29%, картоп – 24%, тұз — 25%).

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша анықтама Жамбыл облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне  жіберілді.

Аудандық қоғамдық кеңес

Leave A Reply

Your email address will not be published.