Байланыс тарихы осылай басталды

0

1953 жылы Георгиевкада телефон стансасы салынып, бірден 18 телефон қойылды. Ал 1958 жылы аудан бойынша 26 байланыс бөлімшесі жұмыс істеп, 4 совхоз, 13 колхоз, 48 мектеп, 56 ауруханаға қызмет көрсетіп тұрды. 1964 жылы аудан орталығында телефон жөндейтін ателье, екі жылдан соң орталықтан Қазақстан бойынша ауылдың тұңғыш 500 нөмірлік АТС пайдалануға берілді. Кеңес үкіметінің жарты ғасырлық мерекесі қордайлық байланысшылар үшін ерекше болды. Салада байланыс жүйелерінің жаңаша дамуы мен автоматтандыру іске қосылды. 1967 жылы 50 нүктелік автоматтандырылған телефон стансасы Благовещенка селосында іске қосылды. Ол Көкқайнар совхозы есебінен салынған екі қабатты ғимаратқа орналастырылды. Аудандық байланыс ұжымы 1968 жылы жаңа жоспарлау мен ынталандыру жүйесіне көшірілді. Бұл кезде ақпараттық құралдар аудан тұрғындарының әр 1000 адамына шаққанда 906 данадан айналды. Яғни, аудан бойынша 78400 дана газет-журналдар таратылып, радио нүктелер бір жылда 457-ге өсті, 42 жаңа телефон қойылып, 227 байланысшы үздіксіз қызмет атқарды. Аудан байланысшылары Бүкілодақтық Байланыс Министрлігінің социалистік жарысына қатысып, Михайловка байланыс бөлімшесі бірінші орынға шығып, КСРО байланыс Министрлігінің бірінші жүлдесін жеңіп алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.