БАЛАЛАР ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІНДЕ

0

Жуырда Қордай аудандық мәдениет үйінде 13 қаңтар «У Лукоморья» мюзикл-спектакльдің премьерасы өтті. Бұл қойылым «Ромашки» балалар вокал тобының орындауында және С.Османованың жетекшілігімен қойылды. Спектакльдің алғашқы минуттарынан-ақ ертегі кейіпкерлері өздерінің орындау шеберліктерінің арқасында көрерменді қиял-ғажайып әлеміне  жетелеп әкетті. Мюзикл-спектакль   бізге тек мейірімділік пен достықтың кез-келген кедергіні жеңуге көмектесетінін осылай таныта білді. Ертегі желісіндегі түрлі кейіпкерлердің әндері мен билері көрермен көңілінен шығып, ыстық ықыластарына бөленді.

Ж.АҚЫЛБАЕВА, Қордай аудандық Мәдениет үйінің мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.