БАЛАЛАР ТҮН КЕЗБЕСІН

0

Қордай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейд барысында аудан аумағындағы көңіл көтеру орындары, компьютерлік клубтар, кафелер, саябақтар қамтылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, сондай-ақ аталған орындарда құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылды.

Рейд барысында түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, заңды өкілдеріне балалардың түнгі уақытта бақылаусыз жүруіне жол бермеу қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, көңіл көтеру орындарының әкімшіліктеріне кәмелетке толмағандардың болуына жол бермеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған бағыттағы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп, аудан аумағындағы көңіл көтеру орындары мен компьютерлік клубтар бақылауда ұсталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.