БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫ САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ТИІС

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов шығармашылық және спорттық тапсырысты жүзеге асыру аясында жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінің орындалуына байланысты тұрғындардың шағымдары бойынша кеңес өткізді.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі 119, 120, 121 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша, өткен жылы мемлекеттік спорт тапсырысына 142,3 млн. теңге бөлінген. Барлығы 17 спорт түрі бойынша 119 спорт секциясы жұмыс істеуде (10 590 бала). Ал, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, былтыр мемлекеттік тапсырысқа 135,5 млн. теңге қаралса, бұл бағытта 239 шығармашылық үйірме (8560 бала) тіркелген.
Салалық басқармалар басшылары 2021 жылдың қазан-қараша айларында тапсырыс берушілер мен қатысушы балалардың саны күрт артқанын атап өтті. Қолданыстағы үйірмелер мен секциялардың қызметтеріне ай сайынғы шығындарды ескере отырып, қосымша қаражат бөлу қажет. Бюджет қаражатының болмауына байланысты, қазіргі уақытта қызмет көрсетушілерден өтінімдерді қабылдау және балаларды тіркеу тоқтатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.