«БАЛАУСАДА» ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

0

Елімізде өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулып, спортқа қызығушылығын арттыруға ерекше мән беріледі. Әсіресе балалардың жазғы демалысы кезінде бос уақыттарын тиімді өткізуіне ықпал ету маңызды.

Осы ретте аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 5 тамыз күні «Балауса» балалар сауықтыру лагерінде жасөспірімдер арасында кіші футболдан жарыс өтті. Балақайлар белсене қатысып, әрқайсысы өз командаларының беделін көтеруге тырысып, жүзден жүйрік шығуға тырысты.Ойын өте қызықты, әрі көңілді өтті. Жарыс қорытындысына сәйкес, жеңімпаз командалар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тарапынан диплом және алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.