Бата – тәрбие бастауы

0

Бата – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізіп келе жатқан рухани қазынасы, қазақ ұлтының даралығын, өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдік мұрасы. «Жақсы сөз –жарым ырыс» дейтін халқымыз шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиге де, ел қорғауға аттанған ерлерге де көңіліндегі мейір-шапағатын білдіріп, ақ тілегін арнаған. Адам баласына жақсылық тілеу, тілеп қана қоймай, өзің де жақсылық жасау – борышың деп кесіп айтқан ата — бабаларымыздың өсиеті, аманаты — біздің ұлттық болмысымыз. Жас ұрпаққа осы бағзыдан келе жатқан салт-дәстүрімізді дәріптеу, дұрыс үлгі-өнеге көрсету мақсатында жуырда Қордай ауданына қарасты Сарыбұлақ ауылдық мәдениет үйінде «Бата – тәрбие бастауы» атты жасөспірімдер арасында бата айтудан жарыс өтті.
Ізгі сөздің бәсекесіне бес талапкер қатысып, түрлі тақырыпта баталар айтудан сайысқа түсті. Игі тілекті арқау етіп, төкпелете бата берген жеңімпаз батагөйлерге ауылдық мәдениет үйі атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.