Бейбітшілік пен келісім

0

Жамбыл облысында ұлтаралық келісім мен достықты нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бірнеше жылдан бері іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты қоғамдық-саяси жағдайлардың мониторингі және жергілікті тұрғындарды толғандыратын проблемалық мәселелерді шешу болып табылады.

Аталмыш жоба аясында құрамына облыстық басқарма өкілдері кірген жұмысшы топтар 12 қыркүйек күні Степной, Қасық, Жамбыл ауылдық округтерінде болды. Жамбыл ауылдық округінде қабылдауды Жамбыл облысы бойынша «Дүниежүзі қазақтар бірлестігі» РҚБ, «Отандастар қоры» КеАҚ фронт-офисінің төрағасы А.Төлебаев жүргізді. Қабылдауға келген Жамбыл ауылының тұрғыны Замира Есболғанова азаматтық ала алмай жүргеніне 10 жыл болғанын жеткізді. Сұхбат кезінде мәселені шешу жолдары қарастырылып, қажетті құжаттар тізімі беріліп, кеңес берілді. Осындай жағдайға баласына азаматтық ала алмай жүрген Жәмиля Айтжанова да тап болған. Қабылдауға келген азаматтарға қажетті құжат жиналған жағдайда мәселелері заң шеңберінде шешілетіні түсіндірілді. Әдеттегідей ауыл тұрғындары әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, жайылымдық жерлердің жетіспеуші-лігі, үлестік жерлерге қатысты мәселелерді көтерді. Әр сұраққа тұшымды жауаптар беріліп, бірқатар сұрақтар орнында шешілді. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
«Бейбітшілік пен келісім» жобасының оң әсерін атап өткен тұрғындар облыстық мамандардың қатысуымен осындай кездесулер жиі өткізілсе деген тілектерін жеткізді.
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында ауданымызға келген азаматтардың қабылдаулары өзге ауылдарда да жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.