«БІР ЖАҒАДАН БАС, БІР ЖЕҢНЕН ҚОЛ»

0

Бүкіл әлем вирусқа қарсы амал-айла іздеп бастағанда Қазақстан қарап қалған жоқ. Аты дүниежүзіне танымал, Гвардейский қалашығында орналасқан билологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты жанынан коронавирусқа қарсы препараттар шығаратын жаңа зауыттың құрылысы маусым айында басталып, оның жұмысына Премьер-Министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келіп, сәттілік айтқан болатын. Бүгінде арнайы вакцинаны шығарған институт ғалымдары, жұмысы бітуге жақын қалған зауыттан оны көптеп шығаруды жоспарлап отыр. Президент пәрменімен бой көтерген зауыт жылына 60 миллион доза вакцина шығарады деп күтілуде. Құны 6,9 млрд. теңгені құрайтын алып құрылыс ағымдағы жылдың сәуір айының соңында аяқталады жоспарлануда.

Індетке қарсы күш біріктерген әлем елдері бір-біріне гуманитарлық көмек жіберуге де осы жаз айларында шындап кіріскен болатын. Қордай ауданына осындай көмек бауырлас Түркия елінен бірінші болып жеткізілген еді. Осы кезде аудандағы қалталы азаматтар да «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қайырымды істердің қасында жүрді. Олар алдымен аудандық орталық ауруханаға қажетті аппараттарды сатып алуға кірісті. Демеушілер тарапынан жалпы сомасы 110 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Оның ішінде:  3 ИВЛ аппараты, 13 дана пульсоксиметр, 14 оттегі концентраторы, 1 тепловизер, 25 дана төсек жабдықтары, дәрі-дәрмек және азық-түлік себеттері бар. Ал, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Біз – біргеміз» жобасы аясында 3800 отбасыға 160,5 млн. теңгеге және 3834 отбасыға 333,5 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Шектеу шараларына байланысты қашықтықтан білім беруге көшкен ұстаздар мен үйде отырып онлайн оқуға көшкен оқушылар үшін де оңай болмады. Аудан бойынша мемлекеттік 48 мектептің 20-сы дәстүрлі оқуын жалғастырғанымен, 28 мектептегі оқушылардың дені қашықтықтан білім алуға көшті. Жиырма мыңға жуық оқушыны қашықтықтан оқумен үздіксіз қамтамасыз ету де оңай шаруа болған жоқ. Оларды компьютерлік техникамен қамту мақсатында мектептердің теңгеріміндегі жұмыс істеп тұрған 1545 компьютер және 140 ноутбук берілсе, жергілікті бюджет есебінен 131 ноутбук және республикалық бюджет есебінен 2700 ноутбук, 400 планшет, 100 нетбук, 337 моноблок таратылды. Одан бөлек, қашықтан оқитын және аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларды интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 19 млн. теңгеге 1063 роутер алынып, оқушыларға берілді. Ал, дәстүрлі түрде оқитын 20 мектепте санитарлық талаптарды сақтау мақсатында 21,7 млн. теңгеге санитарлық құралдар сатып алынды. 2494 пән мұғалімдері қашықтан білім беру әдістемесін меңгеру бойынша курстан өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.