БІРДЕЙЛЕНДІРУ — МІНДЕТТІ ӘРІ ЖАУАПТЫ ЖҰМЫС

0

Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дегеніміз – арнайы дерек қорға ауылшаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзу арқылы есепке алу. Яғни, ірі-ұсақ малдарға сырғалау, таңбалау арқылы жеке нөмiр мен құжат беріледі. Бірдейлендіру дерек қорына тек ірі шаруа қожалығықтары ғана емес жеке үй қожалықтары да тіркелуі қажет
-Тіркелген мал басына салық төленбейі.
— Әрбір мал иесі тұрғылықты жері бойынша ветеринарлық мамандарға жүгініп, өзінің малын деректер базасына енгізуі тиіс. Егер мал тіркелмеген болса, біз түрлі жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізе алмаймыз. Тиісінше, жануарлардың иелеріне тасымалдауға, сатуға, союға және т.б. ветеринариялық-рұқсат құжаттары берілмейді.
Бірдейлендіру Ережесі бойынша Қазақстан аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары міндетті түрде бірдейлендірілуге жатады. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіріледі:
Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталалар туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
Құлындар төрт айлық жасынан бастап.

Ғ.САБРАЛЫ, «Қордай ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.