БИЫЛ БАҒДАРЛАМА ТАЛАПТАРЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР БАР

0

Биыл Жамбыл облысы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ ЖОФ арасында 2023-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалынды.

Бағдарламаға 2 млрд.теңге қаражат бөлінді (1 млрд. тг.-жергілікті бюджеттен/1 млрд. тг. — «Отбасы банк» АҚ тарапынан).
Жобамен биыл 140 жасты баспанамен қамту жоспарлануда.
Былтырғы бағдарламамен салыстырғанда биыл бағдарлама талаптарында бірқатар ерекшеліктер бар:
1) Қарыздың ең жоғары сомасы 13 млн. теңгеден 15 млн. теңгеге өсті;
2) Еңбек өтілі бойынша балл қойылмайды;
3) Қатысушының Банкке енгізген бастапқы жарнасының сомасы бойынша балл қойылмайды;
4) Заңды некеде тіркелген әр жыл үшін бір балл беріледі;
5) Отбасыдағы әр бала үшін 1 балл беріледі;
6) Төлем қабілеттілігін растау үшін Отбасы Банкке құжат жинақтау уақыты 10-нан 20 жұмыс күніне ұзарды;
7) Төлем қабілеттілігін растаған күннен бастап бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үй табу үшін берілетін уақыт 60 күнтізбелік күннен 30 жұмыс күніне өзгертілді;
8) Бағдарламаға қатысушылары төмендегі сала қызметкерлерімен толықты:
— білім саласы бойынша — жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілері;
— ЖОО ғылыми қызметкерлері (былтыр ғылыми зерттеу институттың ғылыми қызметкерлері ғана болған);
— дін саласы қосылды (Діни зерттеу орталығының қызметкерлері);
— медицина саласы бойынша — коммуналдық мемлекеттік мекемелердің денсаулық сақтау саласының бейінді қызметкерлері (ол дегеніміз барлық аурухана, емхана, зерттеу, талдау орталықтары);
— мәдениет саласы бойынша — коммуналдық мемлекеттік мекемелердің негізгі сала қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлерден басқасы);
— спорт саласы бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жаттықтырушылары (оқытушылары).

Бағдарлама аясында өтінімдерді қабылдау мерзімі қосымша хабарланатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.