БІЗ – БІРТҰТАС ЕЛМІЗ!

0

5 шілде күні Тараз қаласында облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының XXVI-сессиясы өтті. Тақырыбы «Қазақстандық қоғамның жаңа моделінің негізі ретінде жалпыұлттық азаматтық бірегейлік». Сессия жұмысына облысымыздың барлық аймақтарынан этномәдени орталықтардың жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ қызметкерлері қатысты. Сессияда ұлтаралық келісімді нығайту, спорттың тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің маңызды факторы ретіндегі рөлі «Спорт – татулық!» деген нақыл сөзбен дәлелденетін мәселелері талқыланды. Сессияда сөз алған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов этномәдени орталықтардың жетекшілеріне ұлтаралық достықты, ұлтаралық келісімді нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлестері үшін алғыс айтты. Айта кетерлігі, қазақ тілін үйренуге, қазақы болмысын сақтауға, бейбітшілік пен келісімге көп көңіл бөлінді. Сессия біздің біртұтас халық екенімізді, мақсат-міндеттеріміздің ортақ екенін тағы да айқын көрсетті.

Любовь Харченко, Қордай ауданы «Отечество» славян этно-мәдени орталығының төрайымы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.