БЖШО «БАЛАУСАДА»

0

Аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жаз мезгілінде де балаларға керемет көңіл сыйлауда. Соның бір дәлелі өткен аптада шығармашылық орталық ұжымы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде болып қайтты.

 

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында мыңнан астам балалар білім алады. Онда домбыра, шахмат, вокал, би тағы басқада көптеген үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірме оқушыларының жыл сайын жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық, республикалық байқауларда топ жарып келеді. Осы орталықтың оқушылары шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында «Балауса» жазғы сауықтыру лагеріне барып, ондағы демалушы балақайлардың көңілін көтеріп, естен кетпес демалыс сыйлауға септіктерін тигізді. Кішкентай өнерлі достарын қуана қарсы алған балаусалықтар кешкі іс-шараға белсене ат салысты. Әндер айтылып, мың бұралған биші қыздардың биі барлығының көңілінен шықты. Сонымен қатар, кешке ертегі кейіпкерлері де қатысып, балақайлармен ойын ойнап, сұрақ–жауаптар қойылды. Тамаша кештің куәсі болған балалар әр көрсетілген өнерге дән ризашылықтарын толассыз соғылған қошеметімен жеткізді десек артық болмас. Барлық қатысушылар балаусалық балалармен флеш-моб билеп, кеш соңы жалпы балалар биіне ұласты. Осындай керемет кеш сыйлағандары үшін «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің басшылығы шығармашылық орталыққа алғыстарын айтып, жылы тілектерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.