Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай Жамбыл облысы коронавирустық жұқпаның таралуы бойынша «сары» аймақта. Ал, Қордай аудандық орталық ауруханасынан алынған ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күнге ауданда ауруды жұқтырған 94 қордайлық тіркелген.
Айта кетсек, ауруды жұқтырмаудың, ал жұққан жағдайда оның ауыр түрлеріне жол бермеудің бір ғана жолы бар, ол – вакцинация.
Ревакцинацияға жататын тіркелген тұрғындар қатарынан 16142 адам немесе 63,1% екпе алды.
Одан басқа 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-37 апта мерзіміндегі жүктілерге, бала емізетін әйелдерге Pfizer вакцинасын егу жұмыстары жалғасуда. 7 ақпанға Pfizer препаратының алғашқы компонентін жалпы 11512 адам немесе 62,2% алып үлгерді, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 10792, жүктілер -224, бала емізетін әйелдер -487. Екінші доза 5767 жасөспірімге, 151 жүкті әйелге, 236 емізетін әйелдерге салынды.
— Коронавирустық жұқпаның таралуына жол бермеуге септігін тигізетін вакцинацияның маңыздылығын атап өткен жөн. Тұрғындарды өздерінің және туыстарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, — дейді медицина қызметкерлері.
Сонымен бірге, медицина қызметкерлері вирустың таралу қауіпін төмендету мақсатында бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты, жеке бастың гигиенасын сақтау, бөлмелерді желдету сынды профилактикалық шараларды сақтау қажеттілігін алға тартады.
Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.
COVID-19-ға ҚАРСЫ ҚАНША ҚОРДАЙЛЫҚ ЕКПЕ АЛДЫ?
Prev Post
Next Post