«ЦИФРЛЫҚ НОТАРИАТ» жобасы

0

Қазақстан нотариаттық іс-қимылдың осы түрін цифрлық форматқа аударған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Яғни, бұл дегеніңіз кез-келген ниет білдірген адам үйде отырып, интернеттің көмегімен онлайн-сенімхат рәсімдей алады. Бүгінгі таңда сенімхаттың нотариалды куәландыруы тек Франция мен Литвада онлайн режимінде қол жетімді.

Естеріңізде болса, биылғы 11 сәуірде Әділет министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, азаматтарға нотариаттық қызметтер алуды едәуір жеңілдететін «Цифрлық нотариат» жаңа жобасын таныстырды. Енді қазақстандықтар сенімхаттарды электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндік алды.

ҚР Әділет министрі А.Есқараев жобаның Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің «цифрлық» бастамалары шеңберінде (оның ішінде Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде) әділет, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп іске асырылғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлауалды бағдарламасында Е-gov мобильдік қосымшасының базасында, мемлекет халықпен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасауы үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым құру туралы айтқан болатын. Бүгінгі «Цифрлық нотариат» жобасы осы бағыттағы жұмыстардың бірі. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік органдармен бірлесе қазақстандықтардың өмірін жеңілдету бағытында пайдалы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз» — деді Цифрлық даму министрі Б.Мусин.

Егер бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болады, ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат»  деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді, деп хабарлады Министр.

Цифрлық сенімхатты рәсімдеу үшін:

-eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;

-өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;

-жеке басын растау үшін қосымшадан нотариусқа бейне қоңырау шалу;

-белгіленген тариф бойынша нотариустың қызметтеріне ақы төлеу;

-«Сандық құжаттар» бөлімінде сандық сенімхат алыңыз.

Бұл қызметті кез келген нотариус өтініш берген сәтте еркін көрсете алады. Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органдарда немесе талап ету орны бойынша қағаз аналогымен теңестіруге болады.

Бұл ретте, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында eGov Mobile қосымшасында авторизациялау кезінде де, өтінімге қол қою кезінде де пайдаланушының биометриялық деректерін қолдана отырып ЭЦҚ пайдаланылады.

Ильяс ХУРОВ, Жамбыл нотариалдық округінің нотариусы

Leave A Reply

Your email address will not be published.