2006 жылдан бастап Дүниежүзілік гипертензия Лигасы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен осы тақырыпқа арналған жыл сайынғы іс-шаралар 17 мамырда өтеді деп белгіледі.
Аталмыш күнге орай Қордай аудандық орталық ауруханасы профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің мамандары қоғамдық орындарда, бөлім-мекемелерде «Артериялық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз!» акциясын өткізді.
Басты мақсат – жүрек-қан тамыры жүйесі ауруының ең көп таралған ауруларының бірі, оның ықтимал асқынулары, осы аурудың алдын алу әдістері, оны анықтау және емдеу туралы, сондай-ақ қан қысымын өлшеудің нақты әдістері жөнінде көпшіліктің хабардар болуын арттыру.
«Қан қысымын өлшеу – бұл жүрек-қан тамырлары жүйесінің саулығын бақылаудың маңызды процедурасы», — дейді бөлімше маманы.
Артериялық гипертонияны анықтаудың жалғыз әдісі – өзін нашар сезінгенде ғана емес, сонымен қатар шағымдар болмаса да қан қысымын үнемі өлшеу.