ДАНИЛ – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

0

Ағымдағы жылдың 16-20 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ҚР чемпионаты өтті.  Ел біріншілігіне Жамбыл облысының атынан жерлесіміз Данил Федоров қатысып, 100 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Бұл жолы әр өңірден келген 17 команда, 318 балуан кілемде белдесіп, кім мықтыны анықтады. Біріншілік бағдарламасына сәйкес ұлдар 9, ал қыздар 8 салмақ дәрежесі бойынша сайысты. Данил Федоров ақтық сынға дейін сүрінбей жетіп, үздік шықты.Төрт күнге созылған бәсекелі дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті.

Айта кетсек, Данил Федоров Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. Әр түрлі облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, өзінің күресудің ерекше шеберлігімен көзге түскен спортшы. Балуанның алғашқы бапкері, ауданымызға белгілі жаттықтырушы Мықтыбек Алтыбай.

Leave A Reply

Your email address will not be published.