ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

0

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ауданда деструктивті діни ағымдағы азаматтарды қоғамға бейімдеу, оңалту және аудан тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, қазақтың дәстүрлі діни мен мәдениетін және салт-дәстүрін насихаттауға аудандағы дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің сауаттылығын арттыру мақсатында «Қордай ауданы тұрғындары арасында әлеуметтік желілер арқылы діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроримзнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында бір жоба іске асырылды. Жоба жеңімпазы – «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қоры.

Жоба аясында №7 Бетқайнар, «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледждерінің студенттерімен, №51 орта мектебінің оқушыларымен, «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері мен мобильдік топмүшелері, шекара басқармасында шекара қызметкерлерімен, Қордай ауылдық округіндегі «Бауырхан» базарының сатушыларымен, Қаракемер ауылдық округтерінде №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің оқушыларымен, Масанчи ауылдық округінің «Мұсылмандар» мешітінде мешіт жамағатымен, «Қордай» құран қариларын дайындау орталығында білімгерлермен, Сортөбе ауылдық округіндегі «Имамдар» үйінде Қарасу, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе, Қаракемер, Қарасай ауылдық округтерінің мешіт имамдарымен, Ауқатты ауылдық округінің ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.