«Еңбектің» шапағаты

0

Биыл «Еңбек» жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылып жатқанына 3 жыл болды. Бағдарламаның арқасында ауданымыздың жұмыссыз отырған азаматтары табыс көзін тауып, еңбек етуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл-аймақта шағын кәсіп дамып келеді.
Мәселен, Жамбыл ауылдық округінде биыл аталмыш бағдарлама шапағатын 63 тұрғын сезінді. Олардың біреулері «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебінде тәлім алса, келесісі түрлі мамандықтар бойынша үш айлық дайындық курсынан өтіп, жеке ісін бастаған. Ал, атап өткен 63 азаматтың 24-і көп балалы отбасы мүшелері болса, қалғандары жастар.
Мысалы, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Жұлдыз Әбенова үш ай оқу оқып, тігінші атанды. 38 жастағы 3 баланың анасы осыған дейін жұмыс таппай үйде отырған. Оқуын тәмамдаған ол 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алды. Сөйтіп, арнайы тігін машинкасын, киімдерге сәндік тастарды қадайтын білдек және өзге де жабдықтарды сатып алған. Бүгінде ауыл тұрғындарынан тапсырыстар түсіп, Жұлдыздың жұмысы қыза түскен. Көйлек, костюм, көрпе және басқа да заттар үлкен сұранысқа ие. — Жалпы, тігіншілікке жастайымнан әуеспін. Көйлектердің түрлерін, жаңа тігу әдістерін интернеттен көріп, меңгеріп отырамын. Кәсібім өзіме ұнайды. Мемлекетке осындай мүмкіндік сыйлағанына алғысым шексіз, – деген Жұлдыз көрпе тігіп, қайырымдылық жасайтынын айтты. Жақында ауылдағы бір үйде өрт шығып, содан зардап шеккен отбасыға көмектеспек ниеті бар екен. «Еңбек» жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында ісін дөңгелетіп жатқандардың қатарында Жамбыл ауылының тұрғыны Әсемгүл Үркенішбаева да бар. Үш айлық оқу курсын бітірген жас кәсіпкер шаштараз ашыпты. Қайтарымсыз грант алып, барлық қажет құрал-жабдықтарын сатып алған, оның ішінде 2 кресло, маникюр және визажист үстелі, 2 айна, бас жуатын орын, қайшы, тарақ және өзге де құралдары бар. Осында бір айта кетерлігі шаштараз қызметі қол жетімді. Қарапайым шаш алу 300 теңгеден басталады екен. Соның арқасында сұраныс та жоғары. — Шаш алуды кәсіптік оқу барысында меңгердім, 3 ай оқу оқып, ісімді бастадым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.