ЕКПЕ АЛҒАНДАРҒА ЖОЛ АШЫҚ

0

2021 жылғы 6 мамырда «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3, 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулыларына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің № 20 қаулысы жарияланды. Қаулыға сай эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа ережелер енгізіліп,  өзгерістер орын алды.

Біздің аудан шекараға жақын болғандықтан вакцинациялаудың толық курсын өткен (бірінші және екінші екпені алған) азаматтар шекараны ПТР тестсіз өтетіні туралы тармақ өзіне көңіл аудартты. Осы орайда біз бұл жағдайды нақтылау үшін Қазақстан Республикасы шекара қызметінің өкілдеріне жолықтық. Қордай ауданы бойынша ҚР ҰҚК ШҚ өкілі, подполковник Серікбай Төлеуовтың айтуынша, вакцинациялаудың толық курсын өтіп, вакцинациялау паспортын алған азаматтар айына бір рет сол паспорт негізінде мемлекеттік шекарадан ПТР тестсіз өте алады. Бұл ақпаратты тұтынушылар құқығын қорғау бойынша аудандық бөлімнің басшысы М.Асаров растап, бұл мүмкіндік Қазақстан азаматтарына және ел аумағында вакцинациялан өткен ықтияр хаты бар азаматтарға қолжетімді екенін жеткізді. Шекарадан өткен азамат дерекқор арқылы тексеріледі. Сондықтан шекараны асқан азаматтардың eGovMobile қосымшасы жүктелген телефоны болу керек және үш тілде басып шығарылған вакцинациялау паспорты артық болмайды. Естеріңізге сала кетсек, вакцинациялау паспорты  eGovMobile қосымшасында қолжетімді.

 Серғазы Манасбаев

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.